#qyzylordatv

Перудың Лима қаласында өткен ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионатынан Сыр толағайлары табысты оралды. Бір алтын, екі қола жүлдені қоржынға салған спортшыларды әріптестері мен жақындары темір жол вокзалынан зор қошеметпен қарсы алды.

 61 келіде сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт қоссайыстың қорытындысымен 262 келіні көтеріп, жаһан біріншілігінің жеңімпазы атанды. Ал, 73 келі салмақта Ернұр Мырзахмет екі кезең бойынша 286 келіні еңсерсе, 81 келі салмақта Ерасыл Сәулебеков 340 кг штанганы көтеріп, екі спортшыға да Әлем біріншілігінің қола жүлдесі бұйырды. Алты құрлық аламанында Қазақстан құрамасы жалпы 5 медаль жеңіп алса, соның үшеуі қызылордалықтардың еншісінде.

 БЕЙБАРЫС ЕРСЕЙІТ – АУЫР АТЛЕТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ // Жастар ойындарына қатысып, сонда 3-орын алып, Әлем чемпионатына жолдама алдым. Әлем чемпионатына дейін жарысқа жарты жылдай дайындалдым. Содан результат көрсеттім. Алда Азия чемпионаттары бар, Азия ойындары бар. Соған дайындаламыз//

 ЕРНҰР МЫРЗАХМЕТ – АУЫР АТЛЕТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ // Бұл бірінші Әлем чемпионатым. Бұйырғаны үшінші орын болды. Қарсластың әлсізі болмады. Келесі жолы бірінші орынға таласамыз//