#qyzylordatv

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Тереңөзек кентінде тұратын соғыс ардагері Яхия Тасыровтың шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

 Шаңырағынан қонағы арылмайтын қарт майдангер Яхия Тасыров аймақ басшысын әскери киіммен тік отырып қарсы алды. Кеудесі орден-медальға толы асқақал Сырдария ауданындағы соғыстың соңғы куәгері.

ЯХИЯ ТАСЫРОВ – СОҒЫС АРДАГЕРІ

 Міне 80 жылдығына жеттік. Кешегі оттан, жалыннан қалдырып, Берлинге шейін барып, содан да аман қалып елге оралдық. 01:28+ Бірінші группа инвалид болып келдім. 1945 жылы 28 наурызда жарақат алдым екі аяғымнан. Сонан мені полевой госпитальге алып кетті. Москвадан самолет келді. Пушкина деген жерде, екі аяғым бөлініп қалған былай, жіліктен кеткен. 45 жыл қыркүйекте елге оралдым. Елге келіп 50 жыл еңбек етіп, киімімізді тастадық//

Аймақ басшысы ардагерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты мен «Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстады. Дәстүрге сай иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.

Ғасыр жасаған қазыналы қария қан майданда бастан кешкен оқиғаларын айтып болған соң ақ батасын берді.